Сербияда оқушы оқ жаудырып, 8 жасөспірім қаза тапты

Сербияның Белград қаласындағы мектепте оқушының оқ атуынан кемінде тоғыз адам қаза тапты.
«Вечерне Новости» басылымының хабарлауынша, оқиға 3 мамырда таңертең Белградтың Вракар ауданындағы Владислав Рибникар мектебінде болған. Онда 14 жасар жасөспірім әкесінің мылтығынан оқ атқан.
Салдарынан сегіз бала мен бір күзетші қаза тапты, алты бала мен мұғалім жараланып, жедел жәрдем орталығы мен балалар ауруханасына жатқызылды.
Хабарда айтылуынша, жетінші сынып оқушысы есірткі қабылдаған болғаны бірақ, отбасында ешқандай проблема болмаған.
Полиция дерегінше, күдікті Сербиядағы мектепте оқ атуды бір ай бойы жоспарлаған, ол мектептің жоспарын және болашақ құрбандардың тізімін дайындаған.
Қазір жасөспірім қолға алынған. Оның өзі психопат болғандықтан оқ жаудырғанын мәлімдеген.