English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сенегалдағы жол апатынан 40 адам қаза тапты
09:54 / 2023-01-09

Сенегал билігі жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-қа жуық адамның қаза болуына байланысты үш күндік қаралы күн жариялады.

Euronews-тің хабарлауынша, жол апаты жексенбі күні ел орталығындағы Кафрин қаласынан алты шақырым жерде болған. Онда екі жолаушы автобусы соқтығысып, апаттан 40 адам қаза тапты. Сонымен қатар 87 адам жарақат алған.

Ресми мәлімет бойынша, автобустардың бірінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қарсы келе жатқан көлікке шығып кетіп, басқа автобуспен соқтығысқан.

Батыс Африка елінің президенті Маки Сал Twitter-де қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілеп, Сенегалда 9 қаңтардан бастап үш күндік аза тұту жариялады.