Семейдегі өрт кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Қазақстанның Семей қаласындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған. Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің өлі денесі табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.