English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Семей қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды
10:41 / 2023-06-10

Қазақстанның Семей қаласында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.

«ҚазАқпарат» дерегінше, Төтенше жағдайды жою бойынша штаб басшысы болып қала әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов белгіленген.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында (Батпаев орман шаруашылы 66, 67, 55, және 42-кварталдар) өрттің тұтануына байланысты Семей қаласының аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын», - делінген Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімінде.

Осы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырған.