Биыл 27 қазанда өтетін Парламент пен жергілікті Кеңес депутаттарын сайлауы бойынша сайлау науқаны 2024 жылдың 22 қыркүйегінде басталады.
Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Заң шығару палатасының депутаттығына саяси партиялар ұсынған кандидаттарды тіркеуге және саяси партиялар мен депутаттыққа кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қатысты мәселелер қаралды.
Хабарда айтылуынша, биылғы парламенттің төменгі палатасына сайланатын жүз елу депутаттың жетпіс бесі бір мандатты округтер бойынша сайлаушылардың нақты кандидаттарға берген дауысы бойынша сайланады. Қалған жетпіс бесі саяси партиялар ұсынған кандидаттар тізімі (яғни партиялық тізім) негізінде біртұтас сайлау округі бойынша саяси партияларға берілген дауысқа пропорционалды түрде сайланады.
- Біздің ұлттық сайлау тәжірибемізде алғаш рет бес саяси партия барлық деңгейдегі депутаттарға кандидаттардың 100 пайызын ұсынды», - деді ОСК хатшылығының меңгерушісі Х.Маматов.
Заң шығару палатасы депутаттығына саяси партиялар ұсынған кандидаттардың 391-і немесе 44,7 пайызы әйелдерден тұрады.
Сайлауға қатысатын үміткерлердің 99,3 пайызы жоғары білімді. Орташа жасы 47,2 жасты құрайды.
Заң шығару палатасы мен жергілікті Кеңес депутаттарын сайлауға кандидаттар мен саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 2024 жыл 22 қыркүйекте басталады.
М.Комилова, О.Мирсоатов (сурет), ӨзА