Сардоба су қоймасындағы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын жүргізу Мемлекеттік қауіпсіздік қызмет органына жүктетілген
Өзбекстан Бас прокуратурасы Сырдария облысының Сардоба ауданындағы су қоймасында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады.
Бас прокуратура хабарында айтылуынша 2020 жыл 1 мамыр күнгі Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының қирауына орай болған су тасқынына байланысты Қылмыстық кодекстің 207-бабы 1-тармағы және 258-бабы 2-бөлігінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, делінген.
Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын жүргізу Мемлекеттік қауіпсіздік қызмет органына жүктетілген.
Еске сала кетсек, 1 мамыр таңғы сағат 05:55 кезінде Сардоба су қоймасының бөгенінің 6-пикеті бұзылып су тасқынының нәтижесінде аумақтағы 22 ауылды-мекеннен 70 мыңға жуық азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған болатын. Ал орын алған апаттан келген шығын қазірге толықтай анықталған жоқ.