
Өзбекстан Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі мен Оңтүстік Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) бірлесіп құрған «Өзбекстанда кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін дамыту» жобасы аясында 2016 жылдан бері 1600-ден астам жастар білім алды.
Орталық осы жоба аясында жастарды ақпараттық технологиялар, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, электроника, дәнекерлеу және сантехника, компьютерлік графика және мультимедиялық жүйе мамандықтары бойынша кәсіптік білім берді. Қазіргі уақытта олар шетелдерде және елдің әр түрлі аймақтарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейді. Енді олардың қатарына орталықтың сегізінші 295 жас бітіруші түлектері қосылды.
Бітіруші жастарға диплом тапсыру салтанатына Өзбекстандағы KOICA кеңсесінің директоры Пак Сунджин ханым, Өзбекстан Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің басқарма төрағасы Ф.Мамарасулов, Кореяның «Keimyung College Universitety» профессорлары, серіктес компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысып, түлектерді құттықтады.
Бүгінгі таңда осынау орталық Кореяның Халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (KOICA), Кореяның «Keimyung College Universitety» мен 1,1 млн долларлық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасын жүзеге асыруда.
[gallery-304]
Ғ.ХАСАНОВ, суреттерді түсірген А.ИСРОИЛОВ