Самарқандта халықаралық конференция басталды

Самарқанд қаласында «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туристік орталығында азық-түлік қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференция басталды.
Өзбекстан үкіметі БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының - ФАО техникалық қолдауымен ұйымдастырылған шараға 30-дан астам елдің өкілдері – министрлер, дипломаттар, көптеген беделді халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, ғылыми мекемелердің өкілдері қатысуда.

Баяндамашылар мен делегаттар арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Дүниежүзілік банк, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы, Азия даму банкі сияқты топтардың жоғары лауазымды тұлғалары бар.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің конференцияға қатысушыларға құттықтауын Премьер-министр А. Арипов оқыды.
Ғайрат Ханназаров,
Ғолиб Хасанов,
Насиржон Хайдаров, Алишер Исраилов,
ӨзА, Самарқанд қаласы.