English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресейлік спортшылар тағы бір турнирден шеттетілді
13:34 / 2023-08-10

Дүниежүзілік ауыр атлетика федерациясы ресейлік спортшылардың 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысуына рұқсат бермеді.

Атқару комитеті қатысушылардың өтініштерін сараптап, осындай шешім қабылдаған.

Атаулы турнирде Беларусь спортшыларына бейтарап түрде қатысуға рұқсат етілген. Оған 20 «бейтарап» тіркелген: оның 12-сі спортшы, 7-уі жеке құрам, бір адам техникалық төреші болып тіркелген.

Мамыр айында Дүниежүзілік ауыр атлетика федерациясы ресейліктер мен беларусьтер бейтараптық туралы декларацияға қол қойған жағдайда ғана жарысқа қатыса алатынын мәлімдеген еді.

Осылайша ресейлік ауыр атлеттер қатарынан екінші әлем чемпионатына қатыса алмауда.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан 2023 жылғы Әлем чемпионаты Эр-Риядта 2-17 қыркүйек аралығында өтеді.