English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
08:22 / 2022-05-29

Испанияның «Реал Мадрид» клубы Чемпиондар лигасында 14 рет чемпион болды.

Франциядағы «Стад де Франс» стадионында (Сен-Дени) өткен кездесуде испаниялық клуб «Ливерпуль» командасын 1:0 есебімен ұтты.

Матчтағы жалғыз әрі жеңісті гол екінші таймда соғылды. 59-минутта шабуылшы Винисиус Жуниор Федерико Вальверде пасын сәтті пайдаланып, бос тұрған қақпаны дәл көздеді.

Осылайша «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасында 14 рет чемпион атанды.

Бұған дейін мадридтік команда 1955/1956, 1956/1957, 1957/1958, 1958/1959, 1959/1960, 1965/1966, 1997/1998, 1999/2000, 2001/2002, 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018 жыоғы маусымдарда топ жарған болатын. Сондай-ақ «Реал» қалқанқұлақ кубокті соңғы 10 жылда бесінші рет жеңіп алды.