Равшан Ирматов әлемнің үздік төрешілері қатарына енді

Өзбекстандық бұрынғы футбол төрешісі Равшан Ирматов Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясының (IFFHS) зеріттеуі бойынша соңғы 10 жылдықтағы үздік төрешілер тізіміне енді.
IFFHS әлемдік судьялардың жыл сайынғы рейтингтік мәліметтеріне сүйене отырып, «Жыл төрешісі» болғандарға 20 ұпай, 2 орынға 19 ұпай, ал 3 орынға 17 ұпай берді және 20-орынға дейін осылай бағалаған.
Ұпай санына байланысты жетекші төреші ретінде германиялық Феликс Брих (141 балл) үздік деп табылған. Бір ұпайға артта қалған түрік төрешісі Джүнейт Чакыр екінші орынға жайғасса, соңғы онжылдықтағы ең мықты төрешілер триосын голландиялық Бьорн Кёйперс қорытындылаған.
Ал, өзбекстандық бұрынғы футбол төрешісі Равшан Ирматов 33 ұпаймен 16 орынға жайғасқан.
