English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Расул Кушербаев Өзбекстанда «Жыл адамы» атанды
15:00 / 2021-01-08

Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі – ӨзА жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан марапаттау рәсімінде Расул Кушербаев Өзбекстанда «Жыл адамы» атанды.

Онда түрлі номинациялар бойынша дауыс беру арқылы жыл бойында үздік нәтижеге қол жеткізген жандар марапатталды. Жыл адамы сауалнамасына ұсынылған үміткерлердің арасында көпшілікке жақсы таныс ӨР «Олий Мажлис» Заң шығарушы палатасының депутаты Расул Кушербаев ең көп дауысқа ие болып, «Жыл адамы» деп жарияланды.

Шындығында, депутат Кушербаев елдегі өзекті проблемалар мен халықты қинап келе жатқан нәзік мәселелерді шешуге белсене ат салысқандығының арқасында қоғамда беделді жанға айналды. Сыр емес 2020 жыл басында Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Парламентке жолдауы кезінде «барлығынада ұнай бермейсің, бірақ маған ұнайсың», дегені халық пен қоса Президенттің де ықыласына бөленгендігінің бір белгісі болса керек.  

Өйткені өткен жылдың жыл қорытындысына орай «ӨзА» өткізген «Жыл таңдауы» аясында  ұйымдастырылған шара да да, Расул Кушербаев «Жыл депутаты» атанған болатын.  

Осы орайда халық пен билік арасын жақындатуға, жақсарту үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген депутат Расул Кушербаевтың алған осынау салмақты марапатымен құттықтаймыз!