Расул Кушербаев: мемлекеттер тарихында өзге ел құрметіне толық жыл атауын беру өте сирек кездеседі

Өзбекстан және Қазақстан арасындағы осындай әрекеттің өзі екі ел мен халықтың бір-біріне болған шексіз құрметі мен туыстығының белгісі.
Расул Кушербаев,
Өзбекстан Республикасы Жоғарығы Мәжіліс
Заң палатасы депутаты
Қазіргі таңда бүкіл әлем Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге жоғарылап жатқанын көріп отыр. Ал халықтарымыз болса, оны күнделікті өмірде сезініп келеді. Бұл кездейсоқ емес әрине. Өйткені, өзбек және қазақ халықының тарихы, тамыры бір. Ғасырлар бойы ағайынды бауырлар сияқты өмір сүріп, жақсы күнде де, жаман күнде де бірге болған. Жақын туысқандық байланыстар құда-жекжат, жора-жолдас, аға-іні секілді бауырластыққа ұсалқан.
Өзбек-қазақ халқтырыны тек мемлекеттік шекаралары ғана емес, бәлкім ертеден келе жатқан бауырластық қарым-қатнасы байланыстырып, әрқашан екі халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі жоғары дәрежеде екендігіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің елімізге сапары кезінде тағыда көз жеткіздік.
Өзара достық қарым-қатнастың жоғары дәрежедегі сапары мен қоса Өзбекстанда «Қазақстан жылының» салтанатты түрде ашылуын қос елдің азаматтары үлкен толқу мен қуанышты рухта тамашалады. Бүгінгі таңда екі елдің ара-қатнасы ең жоғарығы деңгейде екені анық байқалады. Әртүрлі деңгейдегі байланыстардың нығая түскені екі елдің сан қырлы қарым-қатныстарын кеңейтуден мүдделі екенін көрсетеді.
Айта кету керек, екі елдің тәуелсіздік алғанынан кейін, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа алғаш 1998 жыл Ташкнтте қол қойылған, Өзбекстан және Қазақстан арасындағы мәнгілік достық турасындағы келісімге 2013 жыл қол қойылып, екі ел арасында Стратегиялық әріптестік бағытында жедел түрде дамып келеді.
Өзбекстан және Қазақстан халқаралық саяси мәселелерде бір-бірін қолдап келеді. Мемлекеттеріміз екі жақтық БҰҰ, ШЫҰ, ТМД, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Арал теңізін құтқару халқаралық қоры секілді бірқатар әлемдік масштабты құрылымдар шеңберінде тиімді байланыс жасап келеді. Өзбекстан Қазақстанның 2017-2018 жылдарды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүшелікке сайлануын қолдаған болса, өз орнында Қазақстан тарапыда Өзбекстанның Орталық Азияда ядролық құралдан азат аймақ құру жайындағы бастамасына қолдау білдірген.
Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастарда басты мәселе болып табылатынын, 2018 жылы екіжақты сауданың көлемі 3 млрд болса, келесі жылдарға бұл көрсеткіш 5 миллиард долларға жеткізу жұмыстарында айта кеткеніміз абзал.
Тағыда айтар болсақ, мемлекеттер арасында парламентаралық ынтымақтастық тұрақты түрде дамып келеді. Қазіргі кезде екі ел парламенттері арасында достық топтары түзіліп, тиімді жұмыс жасап жатыр.
2018 жылғы қарашаның соңғы он күнінде Өзбекстан Республикасы Жоғарығы Мәжіліс Заң палатасының Төрағасы Н.Исмоилов бастаған делегацияның Қазақстанға сапары парламентаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап берді. Депутаттар бірнеше күн бойы тиімді келіссөздер мен кездесулерге қатысу мүмкіндігіне ие болдық.
Атап айтқанда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсултан Назарбаевпен болған кездесу Қазақстан басшылығының делегация төрағамызбен бірге Өзбекстан халқына құрметі үлкен екендігіне тағыда көз жеткіздік. Осы сапар аясында Қазақстан Сенат төрағасы, Қазақстан Мәжіліс Спикері, Астана қаласы әкімі және бірқатар жоғары мәртебелі өкілдер мен өткен екі жақтық келіссөздер Орталық Азияда парламентаралық байланыстарды жақсарту жайындағы жұмыстар үшін өте пайдалы болды.
Баршамызға белгілі өткен жылы Қазақстанда «Өзбекстан жылы» жоғары деңгейде өтті. Осы жыл мемлекеттеріміз арасында әртүрлі салалар мен қоса гуманитарлық байланыстарымызды да, жақсарту жылы болды. Биыл біздің елдегі «Қазақстан жылы» жоғарыдағы аталған жұмыстардың жалғасы ретінде жаңа белестерге көтереді.
Шынтуайтына келгенде, мемлекеттер тарихында басқа ел құрметіне толық жыл атауын беру өте сирек кездеседі. Өзбекстан және Қазақстан арасындағы осындай әрекеттің өзі екі ел мен халықтың бір-біріне болған шексіз құрметі мен туыстығының белгісі.
Жуырда ғана Қазақстан Республикасының саяси өмірінде болған өзгерістер, мемлекет басшылары және халық таңдаған жолдың берік, сенімді екендігін дәлелдей түсті. Бейбітшілік жолындағы еркін қадамдар мен қарқынды дамып келе жатқанының белгісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Өзбекстанға сапары екі ел арасындағы байланыстарды, халықтарымыз арасындағы қарым-қатнасты, екі халықтың достық пен бауырластық байланыстары және де нығая түсуіне жаңа қадам болып жалғасуына серпін береді.