English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Растов» клубы өзбекстандық футболшыны 5 млн еуроға сатпайтынын айтты
11:54 / 2020-07-10

«Transfermarkt» порталында футболшының трансфері 5,2 миллион еуроға бағалануда


Ресей премьер-лигасының «Растов» клубы басшылығы 25 жасар өзбекстандық шабуылшы Элдар Шомурадовты Белгияның «Гент» клубына 5 миллион еуроға сатудан бас тартты.

«Transfermarkt» порталында футболшы 5,2 миллион еуроға бағалануда. Белгиялықтар Элдарды қатарына қосып алу үшін ресейлік клубқа алдымен 2 млн сосын екі жыл ішінде 1,5 миллионнан беру келісімін ұсынған. Ал «Растов» басшылығы мұндай келісімге футболшыны сатпайтынын мәлімдеген.

Ташкенттің «Бунёдкор» клубынан 2017 жыл 300 мың еуроға «Растов» сапына өткен Элдар Шомурадов өзінің сұхбаттарында Еуропаның топ-5 чемпионатында доп тебуді қалайтынын айтқан. «ProSportsManagement» басшысы агент Герман Ткаченко футболшының осы маусым аяқталуымен Еуропа клубына өтуі жайлы айтып, еуроклубтардан (Германия, Франция т.б) жақсы ұсыныстар түсіп жатқанын мәлімдеген болатын.

Шомурадов биылғы маусымда 25 кездесуде алаңға шығып 11 гол соқты және 6 нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен келісім-шарты 2024 жылға дейін жасалған.