ӨР СІМ Ауғанстанда әйелдердің білім алуына тыйым салынғанына қатысты мәлімдеме жасады

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда әйелдердің білім алуына тыйым салынғанына қатысты мәлімдеме жасады.
«Ауғанстанда қыз-келіншектердің мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарында білім алуына тыйым салынғаны туралы хабарды қатты алаңдаушылықпен қабылдадық.
Бұл шешім ауған халқының бейбіт және гүлденген болашаққа ұмтылысын қолдауға деген жігерінің белгісі ретінде қайта қаралады деп сенеміз», делінген ресми СІМ мәлімдемесінде.