Қытайдағы зауытта шыққан өрттен 40-қа жуық адам қаза тапты

Қытайдың Хэнань провинциясының Аньян қаласындағы зауытта болған өрттен 38 адам құрбан болды.
Sina News порталының хабарлауынша, өрт «Кайсиньда» (Kaixinda Trading Co., Ltd) компаниясына тиесілі зауытта шыққан.
Өртті сөндіруге 63 техника мен 240-тан астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Сейсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша өрт бақылауға алынып, құтқарушылар кәсіпорынның қатты зақымданған ғимаратындағы адамдарды іздеуді жалғастыруда.
БАҚ дерегінше, қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.