Қытайда отбасын құрғандар саны рекордтық деңгейге төмендеді

Қытайда отбасын құрғандар саны рекордтық минимумға дейін төмендеді.
Қытай Азаматтық әкімшілік министрлігінің мәліметі бойынша, өткен жылы Қытайда 6 миллион 833 мың жұп ресми некеге отырды. Бұл соңғы 37 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Дәл осындай статистика елде 1986 жылдан бері жарияланып келеді. 2013 жылдан бері некеге тұру саны үздіксіз азайып, 9 жылда 49,3 пайызға азайған.
2022 жылы тарихта алғаш рет 7 миллионнан аз жаңа отбасы тіркелген. Осы кезеңде ажырасу саны 2 миллион 100 мың болған.