Қытай әуе компаниясы Ташкентке жаңа рейс ашпақ

Қытайдың «Loong Air» әуе компаниясы Сиань - Ташкент - Сиань бағыты бойынша рейстерді бастайды.
«Uzbekistan Airports» мәліметінше, атаулы бағыттағы алғашқы жолаушы рейсі 2023 жылдың 10 ақпанына жоспарланған. Тұрақты рейстерді Airbus A320 ұшақтарымен аптасына бір рет – жұма күндері жүзеге асыру жоспарланған.
«Loong Air» әуе компаниясы штаб-пәтері Ханчжоу қаласында орналасқан, жолаушылар мен жүктерді әуе тасымалымен қамтамасыз ететін қытайлық әуе компания саналады.