English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай ғалымдары «мәңгілік» ұша алатын дрон ойлап тапты
17:40 / 2023-01-18

Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (NPU) ғалымдары лазердің көмегімен ұзақ уақыт ұша алатын дрон жасағанын жарияладs.

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, профессор Ли Сюэлун және оның әріптестері дронды жарық энергиясын электр энергиясына айналдыра алатын модульмен жабдықтаған. Ол лазердің көмегімен дронды қашықтан зарядтауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мұндай мүмкіндігі бар дрон ауада өте ұзақ уақыт бола алады.

Зерттеу тобы сынақ үш жағдайда жүргізілгенін айтқан: үйде, күндізгі уақытта және түнде ашық ауада. Дрон үш жағдайда да сәтті ұшқан.

Ғалымдар жүйенің жұмыс ауқымы мен фотоэлектрлік зарядтау тиімділігін ашпады қазірше жұмбақ күйінде қалдырған, өйткені бұл мәліметтер әскери мақсатта қолданылуы мүмкін. Олардың баяндамасында ұсынылған анимациялық иллюстрация дронның «лазер» қозғалтқышының көмегімен зәулім ғимараттың биіктігіне көтеріле алатынын көрсетеді.