Қытай басылымының арнайы саны Өзбекстанға арналды

Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай «Lookwe» журналының Өзбекстанға арналған арнайы саны жарық көрді.
Басылым бетінде түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі баяндалған. Бұл ретте 15-16 қыркүйекте Самарқандта өткен ШЫҰ саммитінің қорытындысы, Өзбекстанның экономикалық, инвестициялық, туризм және мәдени-гуманитарлық салалардағы әлеует, Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы сияқты көптеген тақырыптарда ағылшын және қытай тілдерінде мақалалар жарияланған.
Сондай-ақ Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің «ШЫҰ Самарқанд саммиті: өзара тәуелді әлемдегі диалог және ынтымақтастық» атты мақаласы да оқырман назарына ұсынылған.
«Lookwe» журналы Қытайдың министрлік және ведомстволары, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар, ірі фирма, компания, аналитикалық және ғылыми орталықтар арасында кеңінен танымал.