English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында тағы да қақтығыс болды
09:41 / 2022-03-11

Жұма күні екі мемлекеттің шекарасында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында қақтығыс болды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара қызметінің хабарлауынша, қақтығыс туғызар жағдайға тәжік шекарашыларының әрекеті себеп болған.

«2022 жылдың 11 наурызында мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында кезекті қақтығыс болды. «Баткен-Исфана» тас жолының Баткен облысының Екі-Таш ауданындағы учаскесінде Тәжікстан Республикасының шекара жасағы тас жолдың бойымен өтіп бара жатқан көліктерге тас лақтыра бастады. Қырғыз Республикасының шекара отрядының көліктерге тас лақтыруды тоқтату туралы талабын Тәжікстан шекарашылары елемеген. Қырғызстан шекарашылары тәжік әскерилерінің заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін әуеге ескерту оқтарын атуға мәжбүр болды», - делінген хабарламада.

Шекара агенттігінің хабарлауынша, қақтығысқа тағы бір тәжікстандық шекара отряды араласып, «қырғыз шекарашылары тұрған бақылау мұнарасына оқ жаудырған».

Атыс шамамен 20 минутқа созылды, қырғыз тарапынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екені айтылған мәлімдемеде.