English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жазған естелік кітап Өзбекстан Президентіне табысталды
20:58 / 2023-12-06

6 желтоқсанда Өзбекстанға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай келді.

Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде өткен кездесуде қонақ Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевке Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» атты  естеліктер кітабының Өзбекстан Президентінің атына жазылған және автордың қолы қойылған нұсқасын табыс етті.

Тарихи үдерістер мен тұлғалық қарым-қатынасты ұштастырған кітапта Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолы, елдің қалыптасу және даму кезеңіндегі естеліктерімен бөліседі. 

Кітап кейіпкерлерінің арасында автор саяси алаңда кездескен белгілі саясаткерлер де бар. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет және үкімет басшыларымен, басқа да танымал тұлғалармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы, «белгілі саяси қайраткер Шавкат Мирзиёевті» ерекше атап өткен. Кітапта Мемлекет басшысы тарапынан жүргізіліп жатқан, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға қызмет ететін реформаларға жоғары баға берілген. Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынастың қарқынды дами бастағаны, Шавкат Мирзиёев Президент ретіндегі жұмысының алғашқы күндерінен бастап туысқан елдермен ынтымақтастықты нығайтып келе жатқаны атап өтілген.

 

ӨзА