English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандағы Парламент сайлауы: Бүгін - тыныштық күні
11:39 / 2021-01-09

Бүгін 9 қаңтар Қазақстан Республикасы Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы «тыныштық» күні. Бұл күні сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың үгіт жүргізуіне тыйым салынған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» басылымы.

«Сайлау күні және оның алдындағы күні сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынады. Ол - тыныштық күні. Сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрын ілінген басқа да үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде бұрынырақта жарияланған үгіт материалдары бұрынғы орнында сақталуы мүмкін. Бұрын жарияланған материалдарды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға рұқсат берілмейді», - деген еді таяуда ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова. 

Оның атап өтуінше, үгіт жұмыстарының тәртібі бұзылған жағдайда құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Тіпті саяси партиялар өрескел қателікке жол берген жағдайда оларды партиялық тізімнен шығаруға дейінгі шара қабылдануы мүмкін, делінген хабарда.

2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына Орталық сайлау комиссиясы тарапынан бекітілген бес партиядан 312 кандидат (90 әйел және 222 ер адам) ұсынылған.  

  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 үміткер;
  • «Nur Otan» партиясы - 126 үміткер;
  • «ADAL» саяси партиясы-16 үміткер;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 38 үміткер;
  • «Қазақстан Халық партиясы» - 113 үміткер.

Бұған дейін, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде өткен брифингте Өзбекстан аумағында болып тұрған Қазақстан азаматтары үшін Ташкент қаласындағы ҚР Елшілігінің бас ғимаратында ашылатын №267 сайлау учаскесінде Ташкент уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20.00-ге дейін дауыс бере алатыны, айтылған.