English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандағы орман өртінде қаза болған жандардың отбасына қолдау көрсетіледі
09:58 / 2023-06-13

Қазақстандағы орман өртінде көз жұмған 14 орманшының отбасыларына қандай қолдау шаралары көрсетілетіні белгілі болды.

«ҚазАқпарат» мәліметінше, Үкімет Абай облысында қаза болған 14 орманшының отбасыларына қандай қолдау шаралары көрсетілетінін мәлім еткен.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына келесі қолдау шаралары көрсетіледі:

1) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;

2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;

3) қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

4) БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады, делінген хабарламада.