Қазақстанда соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымға ауыстырылды
Қазақстандық мектеп оқушылары соңғы қоңырау мерекесін 1 маусымда атап өтеді.
Turkystan.kz сайтының хабарлауынша, бұл туралы ел Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеген.
«Барлық қазақстандық мектептеде оқу жылының ұзақтылығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша, оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек болып табылады. Ал енді биылдан бастап соңғы күні 31 мамыр күні болады», – деген Гүлмира Кәрімова.
31 мамыр, бұл – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі.
«1 маусым – жазғы каникулдың алғашқы күні. Сонымен бірге бұл Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі», – деген ол.