Қазақстанда мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салынды

Пандемияға байланысты Қазақстанда мектеп бітргендік туралы аттестат алу рәсімінің соңын думанды кешке ұластыруға тыйым салынды.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Мектепке дейінгі орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Біріншіден, бұл істі жергілікті атқарушы органдар қадағалауы керек. Білім және ғылым министрлігі тарапынан методикалық нұсқау берілді. Салтанатты шара тек мектептің ауласында болады. Яғни, аттестат тапсыру рәсімі кесте бойынша өтеді. Одан әрі қарай жалғастырып, кеш ұйымдастыруға мүлдем тыйым салынған. Мұғалімдер, оқушылар аттестат алғанша байланыста болады. Әрбір оқушы, әрбір ата-ана, әрбір мұғалім қауіпсіздік үшін тыйым салынып отырғанын түсінуі керек. Сантитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты түсіністікпен қарағаны жөн», - деген министрлік өкілі.