English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан енгізілетіні белгілі болды
09:58 / 2023-05-30

Қазақстан мен Қытай арасында 2-3 айда ішінде визасыз режим енгізілуі мүмкін.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан басталуы мүмкін екендігін айтты.

«2-3 айда болу мүмкін. Біз өз тарапымыздан, Қазақстан тарапынан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз. Мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау керек. Біздің тараптан осы келісімді бекіту туралы Үкіметтің қаулысын қабылдау қажет. Қаулыны қабылдауға біраз уақыт керек», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айдағы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылған еді. Олардың арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.