
Қазақстан биылғы жылы мұнай өндіруді 90,5 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр, оның 71 миллионын экспортқа шығару көзделген.
Елдің Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылы мұнай өндіру көлемі 84,2 млн тоннаны, мұнай экспорты – 64,3 млн тоннаны құраған.
2022 жылы мұнай өнімдерін өндіру 13,7 миллион тоннаны құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллион тоннаға көбейген.
«Биыл біз өндірісті жылына 6 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін арттыра отырып, Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісеміз, бұл келешекте жылына 12 миллион тоннаға дейін өсеміз», - деген Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов.
Министрдің айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 53,2 млрд текше метрді құраған. 2023 жылы 55 млрд текше метр ілеспе мұнай газын өндіру жоспарлануда, оның ішінде 28 млрд текше метр тауарлық газ өндірілетін болады.
Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейі 59 пайызды құрады. 2023 жылы халықты газдандыру үлесін 60 пайызға жеткізу жоспарлануда.