English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан басшысы жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды
14:33 / 2022-04-29

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Қазақ елінің басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында айтқан.

«Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл - қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», - деген ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев референдум маңызды демократиялық институт екенін баса айтқан. 

«Алайда, Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекілген кезде де өткізілген еді», - деген ол.