
2022 жылдың 1-2 шілдесінде Нөкіс қаласында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 22 адамға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.
Жоғарғы соттың мәліметінше, Бұхара облысының сотында ашық сот процесі өтуде.

Алдын ала тергеу органының айыптау актісіне сәйкес, сотталушылар Д. Тажімуратов, Л. Қаллиханова, А. Турданов, А. Сметуллаев, Д. Джиемуратов, Б. Қадірбергенов, Б. Сейтниязов, А. Тоқымбетов, Қ. Сейтімов, А. Нуратдинов, С. Медетов, Н. Найыпов, П. Шамшетов, Р. Бекмуратов, С. Кайыпов, Б. Генжебаев, С. Калилаев, П. Нурниязов, С. Қалимов, Н. Султамуратов, А. Темірханов пен А. Аділбеков қылмыстық кодекстің 28,104, 104, 164, 167, 227, 243, 244, 244-1, 247,277 баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталуда.
20 айыпталушыға қатысты «қамау», 1 «үйқамақ», 1 «қоғамдық кепілдік» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сот отырысы ашық түрде өтіп, БАҚ өкілдері мен блогерлердің сот отырыстарын бейнеконференция арқылы тікелей көруі үшін барлық техникалық жағдайлары бар баспасөз залы ұйымдастырылғаны айтылады хабарламада.
ӨзА