
2022 жылдың 1-2 шілде күндері аралығында Қарақалпақстанның Нөкіс қаласында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан азаматтарға байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.
2023 жылдың 31 қаңтарында Бұхара облыстық соты ғимаратында сот отырысы өтті. Онда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп табылған 22 айыпталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы аяқталып, үкім жарияланды.
Бұл қылмыстық іс бойынша басты кінәлілердің бірі деп саналған Дәулетмурат Тажимуратов 16 жылға бас бостандығынан айырылған.
«Дәулетмұрат Тәжімұратов ҚК-тің 159-бабы 4-бөлігі, 167-бабы (жымқыру немесе талан-таражға салу), 3-бөлігінің «а» тармағы, 243-бабы (қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыру), 244-баптың 3-бөлігі және 244-1-бабының 3-бөлігінің «а», «б», «г» тармақтарында көзделген қылмыстарда кінәлі деп танылып, ҚК-нің 59-бабына сәйкес 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және жазаның алғашқы 2 жылын түрмеде, ал қалған мерзімін қатаң тәртіптегі колонияда өтеу белгіленді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ұйымдасқан топқа қосылып, әлеуметтік желілер арқылы сепаратизм идеясына негізделген материалдарды таратып, халықты тәртіпсіздікке шақыруда күмәнді деп айыпталған журналист Лолагул Қаллиханова сот залынан азат етілген.
«Лолагул Қаллиханова ҚК-нің 159-бабы 4-бөлігінің 244-бабының 3-бөлігі және 244-1-бабының 3-бөлігінің «а», «б», «г» тармақтарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 57-бабы қолданылып, ҚК-нің 59-бабының тәртібімен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, ҚК-нің 62-бабына сәйкес тағайындалған жазадан 6 ай 24 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасынан шегеріліп, жазасын өтеу үшін 7 жыл 5 ай 6 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп, ҚК-нің 72-бабы қолданылып, жаза шартты 3 жыл сынақ мерзімі белгіленіп, сот залында азат етілді», делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, жасалған қылмыс салдарынан келген 6,8 миллиард сум залалдың 256 миллион сумы өтелгенін ескере отырып, өтелмеген 6,5 миллиард сумнан астам материалдық залал сотталғандардан бірлесіп өндіру, талан-тараж жасалған 228 миллион сумды сотталған Тажимуратовтан өндіріп алу, сотталғандарға тиесілі қылмыстық іс бойынша тыйым салынған мүліктің шығынын өтеу туралы шешім қабылданған.
Жоғарыда келтірілген үкіммен келіспейтін тараптарға Қарақалпақстан Республикасының соты арқылы процессуалдық заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық инстанция органына шағымдануға, ал прокурордың наразылық білдіруге құқығы бар екені айтылған.
Сотталғандардың толық тізімін мына сілтемеден sud.uz қарай аласыз.