English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттік сайлау: үміткерлер тіркелді, үгіт-насихат жұмыстары 7 маусымда басталады
10:45 / 2023-06-06

5 маусымда Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда саяси партиялар ұсынған Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мәселесі, үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеу мәселелері қаралды.

ОСК мәліметінше, Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобының сараптамалық топтары ұсынған қорытындыларды ескере отырып, саяси партиялар ұсынған Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тіркеуге қатысты өз қорытындысын ұсынды:

  • Халықтық демократиялық партиясынан Улугбек Ильясович Иноятов, 
  • Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Шавкат Миромонович Мирзиёев, 
  • Өзбекстан «Адолат» социал-демократиялық партиясынан Робахон Анваровна Махмудова,
  • Өзбекстан Экологиялық партиясынан Абдушукур Худойкулович Хамзаевты Президенттікке кандидаттар ретінде тіркеу туралы шешім қабылданған.

ОСК шешіміне сәйкес, президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 2023 жылдың 7 маусымында басталады.

Сондай-ақ, жиында БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселесі де қаралып, Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштер бойынша 9 жергілікті БАҚ-тың 39 өкілі аккредиттелгені айтылады хабарламада.