English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттің төрағалығымен коронавирус пандемиясының халық тұрмысы мен экономикаға теріс әсерін азайтуға арналған жиын өтті
21:47 / 2020-03-19

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы күрес үшін тартылған медицина мамандарының жалақысына 120 пайыз қосымша ақша төлеу жөнінде тапсырма берілді


19 наурыз күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен коронавирус пандемиясының халық тұрмыс деңгейі мен экономика салаларына теріс әсерін азайту мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өтті.

- Қазіргі жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындары, кәсіпкерлер мен экспорттаушылар бізден нақты және тиімді шаралар күтеді. Сондықтан резервтер құру және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үкіметтің экономика алдындағы шығынын өтеу міндеті болуы керек», - деді Шавкат Мирзияев.

Осы бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Президент коронавирус пандемиясы мен жаһандық дағдарыстың экономикаға тигізетін кері әсерін азайту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы жарлық шығарып, онда Дағдарысқа қарсы қор құрылады және оған 10 трлн. сум қаржы топталмақ.

Бүгінгі таңда Өзбекстанда коронавирусқа қарсы күрес үшін 5,5 мыңға жуық медицина мамандары тартылып, олардың еңбек ақыларына 120 пайыз қосымша ақша төлеу жөнінде тапсырма берілді. Сонымен қатар осы індеттің әсері жоғары болған экономика салаларына салық демалыс жариялап кредит қарызын төлеу уақытша тоқтату міндеті қойылды.

Экономикалық белсенділік төмендеген кезде халықты жұмыспен қамту мәселесне ерекше назар аударылатын болып, Дағдарысқа қарсы қордан Қоғамдық жұмыстар қорына қосымша 200 млрд. сум бөлінеді. Осы қаражат халықты жұмыспен қамтуға, елді мекендерде қосымша инфрақұрылым құрылысына жұмсалу мен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік қорына қосымша жұмыс орындарын құратын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін тағы 500 млрд. сум берілмек.

d65dd4d9-4d02-4732-3ca5-d66765cc92c8.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.