
Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті жалғасуда. ШЫҰ-ға қатысушы барлық елдердің басшылары Өзбекстанға келді.
Екіжақты кездесу мен келіссөздерден кейін Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-Министрі Шахбоз Шариф, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раиси, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туристік орталығында ағаш көшеттерін отырғызды.
Шығыс халықтарының құндылығы бойынша ағаш отырғызу – игі іс. Мемлекет басшылары бірге отырғызған ағаштар да достықтың, тату көршіліктің, ШЫҰ елдерінің даму мен өркендеуге деген ортақ ұмтылысының нышаны болып табылады.