Президент жарлығымен 182 адамға рақымшылық жасалды

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 29 жыл толуына орай бір топ тұтқынға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.
Қаулыға сәйкес Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бабының 23-тармағына сәйкес жасаған қылмыстары үшін түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, істеген іс-әрекетіне шын өкініп, түзелу жолында нық қадам жасайтын 182 адам рақымшылықпен босатылды.
Рақымшылыққа ілінгендердің 3-і негізгі жазадан толық босатылса, 108-і шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және 8-інің жазасы жеңілірек жазаға ауыстырылды. 63 адамның бас бостандығынан айыру мерзімі де қысқартылды.
Олардың құрамында 6 шетел азаматтары, 60 жастан асқан 6 азамат, 9 әйелдер, 25-і тыйым салынған ұйымдардың мүшелері бар.