English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент жаңа медициналық орталыққа барды
19:50 / 2023-08-29

Ташкент қаласының «Яшнабад» ауданында екі ірі медициналық орталық – Ұлттық медициналық орталық пен Республикалық мамандандырылған оториноларингология және бас және мойын аурулары орталығы құрылды.

Мемлекет басшысы 2020 жылдың қараша айында олардың құрылысын аралап көріп, мұнда қандай мүмкіндіктер болуы керектігін тапсырған болатын. Бүгінгі заманауи жағдайлар мен мекемелердегі жұмыс тәртібін іс жүзінде жүзеге асыру деп айтуға болады.

Емдеу орталыңының аумағы төрт гектардан асады. Жалпы ауданы бір жарым мың шаршы метрді құрайтын жеті ғимарат салынған. Құрылыс пен жабдықта озық шетелдік тәжірибеге негізінде жасалған. Сондықтан архитектурасы мінсіз. Жедел жәрдем, реанимация, жұқпалы аурулар – барлығы есепке алынаған.

Ұлттық медициналық орталық басқа ауруханаларға қарағанда әмбебап болады. Мұнда хирургия, урология, трансплантология, травматология-ортопедия, гинекология, кардиохирургия, нефрология, кардиология, эндокринология, кардиоревматология, стоматология және басқа да бөлімшелер құрылған. Жалпы 169 түрдегі мыңнан астам озық медициналық құрал-жабдықтардың орнатылған.

Орталық бес жүз орынға есептелген. Амбулаторлық және стационарлық негізде екі жүзден астам медициналық қызмет көрсетіледі. Оның жылына үш мыңнан астам жоғары технологиялық хирургиялық операцияларды, оның ішінде аорта-коронарлық шунттауды, эстетикалық-пластикалық хирургияны, артропластиканы, мүшелер мен тіндерді трансплантациялауды жасауға мүмкіндігі бар. Орталықта республиканың шалғай өңірлеріндегі науқастарды қашықтықтан диагностикалау және емдеуге жағдай жасалуда.

Мекеме Германия, Түркия, Оңтүстік Корея сияқты елдердің жетекші клиникаларымен жұмыс істейді. Шетелдік дәрігерлер мен шетелде біліктіліктерін алған жергілікті мамандардан құралған ұжым – 250 дәрігер мен 500 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Мұндай мүмкіндіктері бар орталық республикада алғашқысы. Қарақалпақстан және облысларда жұмыс жасайтын көпсалалы емханалар осы мекемемен байланыстырылады.

Президент кешен аумағында орналасқан Республикалық оториноларингология және бас және мойын аурулары орталығында да болды.

Бұл орталық аталған ауруларды емдеумен қатар республикадағы оториноларингология саласындағы жұмыстарды үйлестіреді. Мұнда «Жоғарғы тыныс жолдары мүшелерінің физиологиясы мен патологиясы», «Есту және тепе-теңдік органдарының физиологиясы мен патологиясы», «Фониатрия және ронхопатия» ғылыми зертханалары құрылды. Симуляциялық практикалық зертхана, хирургиялық кабинеттер және 60 төсек-орын заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Мемлекет басшысы аталған орталықтардың материалдық-техникалық базасымен танысты, дәрігерлермен әңгімелесті. Сала басшыларымен байланыста аталған орталықтардың жанынан шетелдік медициналық институт ашу, кадрлардың біліктілігін арттыру, аурудың алдын алу жұмыстарын кеңейту жөнінде тапсырмалар берілді.