Президент Ташкенттегі жаңадан салынған жер үсті метро бекеттерін аралады

Мемлекет басшысы Ташкент метросының алғашқы кезеңі аяқталуына орай жұмыстың барысымен танысты
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бүгін 2017 жылда басталған көлемді құрылыс жобасы Ташкент қаласындағы жер үсті метро нысанын аралады.
Жобаның жалпы құны 422 млн долларды құрайтын транспорт жолағының құрылыстық игерілімі 5 кезеңнен тұратын болып жалпы қашықтық 55 км, 35 станциядан тұрады. Қазірде осы жобаның алғашқы кезеңі аясында «Достық-2» бекетінен «Қойлық» аялдамасына дейінгі 11 км қашықтықта 7 бекет бой көтерген. Бұл бағытта 4 вагоннан тұратын 4 пойыз орташа күніне 46 мың жолаушы тасу мүмкіндігіне ие.
Жаңадан бой көтерген бұл станциялардың барлығы ұлттық нақышта, ерекше дизайнмен әрленген және жолаушыларға ыңғайлы болу үшін заманауи технологиялармен жабдықталған, тарифтерді электронды түрде төлеуге мүмкіндік беретін турникеттер, эскалаторлармен жабдықталған. Сонымен қатар 225 жаңа жұмыс орны ашылуына түрткі болды.











