English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Ташкент қаласындағы балалар үйінің жағдайымен танысты
17:22 / 2021-07-28

28 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы 21 – Балалар үйіне барды.

Қазіргі таңда бұл мекемеде 122 ұл - қыз тәрбиеленуде. Оның 47-сі жетім, ал 75-і әлеуметтік жетім балалар. Білім беру мекемесінде білікті мұғалімдер, психологтар, логопедтер, дефектологтар жұмыс істейді. Онда робототехника, ментальды арифметика, шаштараз, аспаздық, тігін клубтары ұйымдастырылған. Мұндағы балалар денсаулығын спортпен нығайтумен қатар, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атануда.

Мемлекет басшысы мұндағы жағдаймен танысып, балалардың оқу сыныптарын аралады.

- Біздің бүгінгі сапарымыздың мақсаты - сіздермен кездесу, сіздің барлық тәрбиеленушілер үшін жағдайды одан әрі жақсарту, мүмкіндігінше отбасылық орта, тәрбие беру. Біз сізге баршамен бірдей тең білім алуға, жоғары оқу орындарында оқуға, кәсіп игеруде, үй мен жұмысқа орналасуға және өмірде лайықты орын табуға мүмкіндіктер жасаймыз. Бір нәрсені ұмытпаңдар сіздердің ата-анаңыз, Отаныңыз бар. Мемлекет сіздерді ешқашан назардан тыс қалдырмайды», - деді Президент.

Балалар үйіндегі жағдай жақсы. Бірақ балалармен жеке жұмыс жасау, оларды мамандыққа бағыттау қажетті деңгейде емес. 18 жастан кейін тәрбиеленушілердің тәуелсіз өмірін, жоғары білімін және жұмыспен қамтылуын насихаттайтын жауапты орган жоқ.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы барлық балалар үйлері мен арнайы мектеп-интернаттарды Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының жауапкершілігіне беруді ұсынды.

- Бұл мекемелерде қаржылық демеуші бар, енді оларға рухани демеуші қажет. Бұл әрі сауапты іс, әрі қажет жұмыс, - деді Шавкат Мирзияев.

Бүгінгі таңда республикада 16 балалар үйі және 4 дана Балалар қалашығы бар. Оларда 1823 ұл мен қыз тұрады және оқиды. 86 арнайы мектеп-интернатта 21 363 бала тәрбиеленуде. Бұл мекемелер сынақ ретінде Ұлттық гвардия құрамына өтетін болды. Балаларға мамандандырылған білім беру және патриоттық тәрбие беру әдістемесін құру міндеті тұр. Балалар үйі мен арнайы мектеп-интернаттарды ғылым, өнер және спорт ұйымдарымен байланыстыру арқылы балалар қабілетін дамытудың маңыздылығы сөз болды.