
8 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент метросының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Еңбегінің жемісін көру, халықпен қуаныш бөлісу адам үшін үлкен бақыт. Өзбекстанда халықтың мәселесін жеңілдетіп, алысты жақын етуге бағытталған мұндай игі істер өте көп.

Бір ғана көлік саласын алсақ, соңғы жылдары ауқымды жобалар жүзеге асырылды. 2020 жылдың тамыз айында Ташкент Жер үсті метросының бірінші кезеңі іске қосылды. Сол жылдың желтоқсан айында Сіргелі бағыты ашылды. Бүгінде жолаушылар ағыны бұл жобалардың өзін толық ақтады.

Бұл жұмыстар дәйекті түрде жалғасын тауып, осы екі бағытты жалғайтын Қойлықтан Сіргеліге дейінгі метро желісі салынуда. Ұзындығы 12 шақырымға жуық бұл учаскеде 7 аялдама болады. Қазіргі күндері оның 5 бекеті аяқталды.
Мемлекет басшысы осы көлік нысанында болды. Зиялы қауым және белсенділермен болған әңгіме барысында жобаның маңыздылығы сөз болды.

– Бұл тұрғыда соңғы жылдары тәжірибе жинақтадық. Қойлық бағытында 7 метро станциясы, Сіргеліде 5 станция салынды. Бұған дейін Ташкент метросын 240 мың жолаушы пайдаланса, бүгінде ол 600 мыңнан асты. Жоспарымыз 1 миллион жолаушы. Оны дер кезінде қолға алмасақ, қала көлігінде күйреу болуы мүмкін еді. Енді баламалы энергетиканы да зерттемесек болмайды, – деді Шавкат Мирзиёев.
Президент қоғам өкілдерімен бірге метроны аралады.

Құрылысшылар аумағындағы Қыпшақ станциясына дейінгі 4 шақырымға жуық метро желісі де алдағы айларда пайдалануға беріледі. Осылайша Қойлық пен Сіргелі арасындағы жол 15 минутты құрайды. Бұл бағыт тәулігіне 40 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Соның нәтижесінде жеке көліктерге деген қажеттілік азайып, кептеліс жойылады. Атап айтқанда, Қойлық-Сіргелі бағытымен жүретін көліктердің тәуліктік саны 40 мыңға дейін, ал көлік ағыны 12 пайызға азаюы мүмкін.


Жалпы, бұл кезеңнің аяқталуымен Ташкент метросының жалпы ұзындығы 70 шақырымнан асса, станциялар саны 50-ге жетеді. Метродағы күнделікті жолаушылар саны 650 мыңға жетіп, 245 жаңа жұмыс орны ашылады.