English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент әскери және бір топ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады
18:08 / 2022-01-14

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің 13 қаңтардағы жарлығына сәйкес, Қарулы Күштердің 30 жылдығы және Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай әскери қызметшілер мен бір топ құқық қорғау органдарының қызметкерлері әскери атақ, орден, медальмен марапатталды.

Марапаттау рәсімі 14 қаңтарда Президент Әкімшілігінде өтті.

Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы барша әскери қызметшілер мен ардагерлерді осы айтулы датамен құттықтады.

-Тәуелсiздiгiмiздiң 30 жылында Қарулы Күштерiмiз жасақталып, жанқияр жауынгерлер, офицерлер мен генералдар даярланып, қажеттi техникамен қамтамасыз етiлiп, бүгiнде сондай кемел армияға айналды. Бұл – туған жеріміздегі бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықтың негізі, – деді Шавкат Мирзияев.

Қарулы Күштер академиясы, жаңадан құрылған Әскери-медициналық академия, «Темірбектер мектебі» әскери-академиялық лицейлері және басқа да мамандандырылған оқу орындары кәсіби кадрлар даярлайтын орталыққа айналуда. Жастар арасында әскери қызметке деген қызығушылық пен талпыныс артып келеді.

Жыл сайын Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, бұл салада атқарылған жұмыстар мен алдағы маңызды міндеттер талқылануда.

– Біз кешегі жиында лайықты күш-қуатымызды одан әрі нығайту, ғылымды барлық салада дамыту, кадр даярлау жөнінде үлкен жоспарлар қабылдадық. Әлемде және өңірімізде болып жатқан қауіпті оқиғаларды терең талдай отырып, біз халқымыздың тыныштығы мен шекарамыздың мызғымастығын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдаймыз. Біз тек өз күшімізге сенеміз», - деді Жоғарғы Бас Қолбасшы.

– Әскери округтерде, әскери-әкімшілік сектордың алдына қойған ең үлкен міндет – халық пен армия бірлігін қамтамасыз ету, адам қадірін асқақтату болды. Сіз бұл істе көшбасшысыз, әрбір ісіңізбен жастарға үлгі болатыныңызға сенемін, – деді Президент.

Салтанатты шарада Президент Шавкат Мирзияев атақ беру жайлы күәлікті, ордендер мен медальдарды салтанатты түрде табыс ете тұрып, Отан қорғаушыларға зор денсаулық, абыройлы міндеттерін нәтижелі орындауда үлкен жеңістер тіледі.

– Өкінішке орай, марапатталғандардың барлығын бұл залға жинау мүмкін емес. Бірақ мен марапатталғандарды, осында келмегендерді де мемлекетіміздің жоғары атақтағы, ордені, медальімен шын жүректен құттықтаймын. Марапат – халқымыздың ілтипаты мен сенімінің белгісі. Ол сізге рух, күш беріп, жаңа жетістіктерге ынталандыруы керек. Ержүрек ұландары бар халықтың ертеңіне сенімі артып, оны мақтан тұтады, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз сөйлегендер Мемлекет басшысына жоғары награда мен ұдайы назары үшін алғыстарын білдірді.