English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Шавкат Мирзиёев 16 қарашада Сұрхандария облысына барды
11:49 / 2023-11-16

Мемлекет басшысы алдымен ұлы ғалым Хәкім ат-Термизидің кесенесін зиярат етті. Алладан ел тыныштығы, халық амандығына Құран аяттары оқылып, дұға жасалды.

Ғалымдармен болған сұхбат барысында бүгінде әлемде түрлі дау-дамайлар мен соғыстар орын алып, жазықсыз жандардың қаны төгіліп жатқаны өкінішпен айтылды. Бұл елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін ұғындырып, шүкіршілік рухын оятады. Термизи сынды ұлы ғұламалардың тағылымын жастарға жеткізудің маңыздылығы сөз болды. Осы мәселелер бойынша Термезде ғылыми конференция өткізу туралы ұсыныс айтылды.