English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Үргеніште отбасылық балалар үйін құрған әйелге алғыс айтты
20:49 / 2021-07-28

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 28 шілде күні мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға мемлекеттік қолдауды кеңейту, әлеуметтік төлемдерді жақсарту мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өтті.

Жиында жетім балаларды отбасылық ортада тәрбиелеу үшін 5-10 орындық Отбасылық балалар үйін құрып жатқан отандастарға жан-жақты қолдау көрсету қажет екендігі айтылды.

Осындай жанқияр жандардың бірі, Үргеніш ауданының тұрғыны Рахимахон Дурдиева Отбасылық балалар үйін құрып, 40-тан астам баланың өмірде өз жолдарын табуына көмектесіп келуде.

- Мен бұл әпкемізді танимын, осы жағдайды естігеніме қуаныштымын Ол отбасылық балалар үйін өзі ұйымдастырды. Осы риясыз қызмет үшін бұл әйелге көп рахмет. Мен өз атымнан бүгінде 40 балаға ата-ана болып жүрген Рахимахон әпкеге алғыс айтамын. Бұл үлкен ерлік, - деді Шавкат Мирзияев.

Отырыста Сенат Төрағасы Т.Норбаева бастаған лауазымды адамдарға бір ай ішінде отбасылық балалар үйін одан әрі қолдау шаралары кешенін қарастыратын қаулы жобасын дайындау тапсырылды.