Президент қаулысымен Ораза айт қарсаңында 65 адам бостандыққа шықты

Өзбекстан Республикасы Президент Шавкат Мирзияев 29 сәуірде өткен бейнеконференцияда бірқатар тұтқындарға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады. «Рамазан айы – жомарттық, мейірімділік пен төзімділік айы. Бұл мерекеде мейірімді, кешірімді болу бәрімізге парыз хәм қарыз», - деді Мемлекет басшысы.
Осыған орай, Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесі қарсаңында қателесіп қылмыс жасап, бірақ кінәсін түсініп, түзелу жолына табанды түрде кіріскен 65 азаматқа рақымшылық жасау туралы Жарлыққа қол қойды.
Жауапты басшыларға бұл азаматтардың мерекені өз үйлерінде, жақындарының құшағында қарсы алуына барлық жағдайды жасау тапсырылған.