Президент қаулысымен мереке қарсаңында 140 адамға рақымшылық жасалды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев наурыз Ұлттық мереке қарсаңында халқымыздың мейірімділік, төзімділік, адамгершілік, жанашырлық пен кешірімділік сынды асыл қасиеттерінің жарқын көрінісі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, қылмысына шын өкінген және дұрыс жолға нық қадам басқан бір топ азаматтарды кешіру туралы» жарлыққа қол қойды.
Қаулыға сәйкес, ӨР Конституциясының 93-бабы, 23-тармағына сәйкес 140 азаматқа кешірім жасалды.
Олардың 12-сі шетел азаматы, 9-ы 60 жастан асқан кісілер болса, 13-і әйелдер және 14-і тыйым салынған ұйымдар қызметіне араласқан жандар.