English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Жарлығымен 402 адамға рақымшылық жасалды
23:12 / 2022-12-07

Өзбекстан Республикас Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай республикада жүргізіп отырған гуманитарлық саясаттың іс жүзіндегі дәлелі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне шын өкінген және түзелу жолына қадам басқан бір топ адамдарға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бабының 23-тармағына сәйкес жасаған қылмыстары үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және пробация органдарында жазасын өтеп жатқан және жасаған әрекетіне шын өкініп, шешімді түрде түзелу жолына нық қадам басқан 402 адамға кешірім жасалды.

Рақымшылық жасалғандардың 128-і негізгі жазадан толық босатылса, 201-і жазаны өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды және 15-і жеңілірек жазаға ауыстырылды. Сондай-ақ 58 адамға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы қысқартылды.

Кешерім жасалғандардың 17-сі шетел азаматтары, 63-і әйелдер, 26-сы 60-тан асқан, 19-ы тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан адамдар.

Жарлықтың орындалуына қатысты рақымшылық жасалған азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына оралуына, қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы еңбекпен айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу бойынша жауапты министрліктер мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.