English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент энергиямен қамтамасыз етуді бақылауды күшейту туралы жиын өткізді
21:28 / 2023-02-06

6 ақпанда Президент Шавкат Мирзияевтің қатысуымен энергиямен қамтамасыз ету саласындағы бақылау жүйесін реттеу шаралары туралы кеңес өтті.

Отырыста энергиямен қамтамасыз ету және есеп айырысу жүйесіндегі мәселелер сыни тұрғыдан сараланды. Қаңтардағы аяз бұл мәселеде басшылық пен бақылаудың әлсірегенін анық көрсетті. Ресми ұйымдар автоматты есептеу жүйесінің 92 пайызы электр қуатына, 98 пайызы табиғи газға орнатылғанын хабарлады. Бірақ әлі де дебиторлық берешек жоғары күйінде қалуда.

Аудандардағы желілік кеңселер электр және газды есептеусіз және талдаусыз қосуға мүмкіндік беруде. Мәселен, Ташкент қаласының 120 ықшам ауданындағы трансформаторлар жүктемені көтереалмағаны үшін бір айдың ішінде 5-6 рет жөнделген.

Жүйеде әлі де ұрлық көп. Ресурстар талан-таражға түсіп жатыр. Желтоқсан айында ғана электр қуаты мен газды заңсыз пайдаланудың 12 мыңнан астам фактісі бойынша 600 миллиард сум көлеміндегі шығын анықталды. Көліктерге жанармай құю бекеттерін қадағалау мүлдем бақылаудан шыққан.

Осылардың негізінде энергетика саласында бақылауды күшейтіп, заңдылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйе құрыатын болды. Бұл жүйеге энергетикалық бақылау тұрғысынан екі жыл бойы «төтенше тәртіпте» жұмыс істеу міндеті жүктелді. Энергетика инспекциясы мен Мәжбүрлі орындату бюросының жұмысын жақсарту, электр қуаты мен табиғи газды қосуға жаңа тәсілдерді енгізу бойынша тапсырмалар берілді.

Жиында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, Ташкент қаласының цифрлық картасын іске қосу міндеті қойылды. Онда аукционға шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері, энергетикалық, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымның мүмкіндіктері анық көрсетіледі.

Жиында шенеуніктер жаңа жүйенің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді.