English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Польша парламенттік делегациясы Өзбекстанға келді
12:14 / 2022-11-07

«Польша-Өзбекстан» парламентаралық достық тобының тең төрағасы Павел Бейда бастаған поляк парламенттік делегациясы Өзбекстанға келді.

10 қарашаға дейін жалғасатын сапар барысында Өзбекстан Олий Мажлисінің Сенатында, Сыртқы iстер министрлiгi, Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық, Республика Министрлер Кабинетi жанындағы Этносаралық қатынастар және шетелдермен достық байланыстар жөнiндегi комитет және басқа да министрлiктер және ведомстволарда кездесулер өтеді.

Польша делегациясының сапары бағдарламасында Өзбекстандағы поляк диаспорасымен кездесу, бірқатар мәдени-мемориалдық орындарға, тоқыма кәсіпорындарына бару көзделген.

Сондай-ақ Польша делегациясы Самарқанд және Бұхара қалаларында болып, жергілікті көрікті жерлермен танысады.