Пәкістанның солтүстік-батысындағы әскери операцияда 11 террорист өлтірілді
Пәкістандық әскерилердің елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жүргізген операция кезінде 11 лаңкес өлтірілді.
Ел армиясының ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері операцияны Оңтүстік Вазиристан ауданында содырлардың бар екені туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізген.
хабарламада айтылуынша, содырлар ауқымды іс-шараларды жоспарлаған болып, оларды армия дер кезінде басып тастаған және қаза тапқан лаңкестерден үлкен көлемдегі қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленген.