Пәкістанда жол апатынан 40 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының Расбелла ауданында жол апатынан 40 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, автобус тас жолда бұрылыс кезінде көпір тірегіне соғылып, арыққа сырғып кетіп, өртенген.
Белуджистан астанасы Кветтадан Карачиге бағыт алған автобуста 45-ке жуық жолаушы болғаны және жол апатына жылдамдықты шамадан тыс асыру себеп болғаны айтылады хабарламада.
Жаралылар жергілікті ауруханаға, марқұмдардың денесі оңтүстіктегі Карачи портына жеткізілген.