English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Оскар» сыйлығына Өзбекстаннан «Фариданың екі мың әні» атты фильм ұсынылды
00:24 / 2020-11-23

АҚШ киноакадемиясының үздік кинематографиялық марапаты «Оскар» сыйлығының 93-ші реткі өтетін байқауындағы «Ең үздік шетелдік көркем фильмі» номинациясына Өзбекстан атынан Ёлқин Тойчиевтің «Фариданың екі мың әні» атты көркем фильмі қатысады.

«Өзбеккино» ұлттық агенттігінің тапсырысы бойынша «Fox Music Cinema» студиясы тарапынан таспаланған туынды, өткен аптада Ресейдегі «Мәскеу премьерасы» халықаралық кинофестивалінде Гран-при иегері болған еді.

Картина өткен ғасырдың басында Түркістанда болған саяси оқиғалардың негізін баяндап, ол қарапайым бір отбасының тұрмысы арқылы көрсетілген. Туныды сюжеті бойынша басты кейіпкер сұм заманның қасіретін елемей, адамдардан алыста үш әйелімен өмір сүріп жатып, төртінші әйелге үйленеді. Дәл осы тұстан төртінші келіншектің бір басында үш әйелі бар еркектің шаңырағына келуі мен аймақтағы саяси даулар жағдайы, отбасының шайқалуына себеп болады.  

Еске салар болсақ, өткен жылғы «Оскар» марапатына Өзбекстан атынан жас режиссер Умид Ҳамдамовтың “Иссиқ нон”(Ыстық нан) атты толық метражды фильмі қатысқан.